Похожие записи
“Eurasian Book Fair-2022” халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі
Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:…
Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері өтті
12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.
Астана қаласында “Бейсен және Болмыс” кітабының тұсаукесері өтті
Бүгін Астана қаласының көрнекті ғимараттарының бірі ҚР-ның Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кезекті шедевр туындысы – 2021 жылы жарық көрген «Бейсен және Болмыс» кітабының тұсаукесері болып өтті. Отандық телевизия тарихында өзіндік орны, қолтаңбасы бар Бейсен Құранбектей қайталанбас тұлғаның көпшілік біле бермейтін қырларын, ғибрат алар үлгілі, өнегелі істерін автор өзгеше талдауымен оқырман…
Астана қаласында “Алаш заңгерлері” кітабының тұсауы кесілді
Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында заңгер, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның «Алаш заңгерлері» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта ХХ ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері жайында мағлұмат берілген. Олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлестері баяндалған. Жиында Абзал Құспан «Алаш заңгерлері» дегенде былайша түсінік береді: «Бұл Алашордаға, Алаш арыстарына ғана…
Диуани хикмет кітабы жарыққа шықты
Осыдан бір ғасыр бұрын, 1925 жылы Орта Азия елдеріне С.Токарев, С.Демидов, В.Басилов есімді үш ғалым экспедияцияға шығады. Мақсаты түркі халықтарының ынтымағын ыдыратып, киелі ұғымдарын қирату еді. Сол үшін Мәскеуде “Жауыққан атеизм” (Воинствующий атеизм ) деген ұйым құрылады. Содан әлгі үш зерттеуші ауыл-ауылды аралап, сай-саланы жағалап зерттейді. Сөйтсе, бүкіл түркі халқының басын біріктіріп тұрған — Яссауи…