|

“Ғылымға жол” қайырымдылық акциясы

Құрметті кітап сүйер оқырмандар📚

Сіздерді “Ғылымға жол” атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Акция Алматы қаласы Жастар саясатының қолдауымен “ОҚЫРМАН ҰЛТ” жобасы аясында өтуде.

Акцияның мақсаты не?
– “Ғылымға жол” қайырымдылық акциясы кітапханаларды әмбебап мазмұндағы әдебиеттермен толықтыруға арналған.
– Ғылымға ден қойып келе жатқан жастардың кітапқа деген қажеттілігін өтеу басты талап.
– Кітап оқу мен тарату, кітап сыйлау мәдениетіне ықпал ету.

Акция барысында сіз түрлі жанрдағы кітаптарды немесе өзіңізде бар кітапты тарту ете аласыз. Немесе қаржылай көмек көрсетуіңізге болады.

📍Акцияны кез-келген қаладағы кітап жанашыры қолдай алады. Бізге өзіңіз атаған кітаптарды почтамен салып жібере аласыздар.

Ердің атын аты шығарар,
Ғалымның атын хаты шығарар. Ал сіздің атыңызды акцияға қосқан кітабыңыз шығаруы мүмкін💐📚

@jas.almaty @aziz.kazhdenbek @k.mendigaliyev
#оқырманұлт
#jasalmaty
#алматықаласыжастарсаясаты

Похожие записи

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии