
Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында заңгер, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның «Алаш заңгерлері» кітабының тұсауы кесілді.
Кітапта ХХ ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері жайында мағлұмат берілген. Олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлестері баяндалған.
Жиында Абзал Құспан «Алаш заңгерлері» дегенде былайша түсінік береді:
«Бұл Алашордаға, Алаш арыстарына ғана қатысты дүние емес. Алаш – қазақтың ұраны. Алаш десек – қазақ, қазақ десек – Алаш деп түсінуіміз керек. Екеуі бір ұғым. Бұл – бір. Бізде қалыптасып қалған бір дүние бар: «КСРО-ға қызмет еткен коммунистердің бәрі оңбаған, алашордалықтар мықты», – дейді. Коммунистік идеяға сеніп, сол идеологияға қызмет еткендер де сталиндік репрессия құрбаны болған жоқ па? Олардың ішінде де қазаққа жаны ашыған, Алаш идеясына адалдық танытқан тұлғалар аз болмаған. Сондықтан тек алашордалықтар ғана атылған жоқ, қып-қызыл коммунистер де атылып кетті. Олардың арасында қуғын көріп, сотталып келгендері де бар. Бұл кітапқа коммунистер де, ешқандай партияға қызмет етпеген тұлғалар да енген», – дейді.
Бұл кітап заң саласында қызмет ететін мамандарға және ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы тақырыбына қызығатын қалың оқырманға арналады.
7 шілде Тараз қаласы «ANTIKOR» орталығында Отбасы хрестоматиясы ұжымымен «Өркениетті адам» тақырыбында кездесу өтті. Тараз халқына Отбасы хрестоматиясы жобасы таныстырылды.
Осыдан бір ғасыр бұрын, 1925 жылы Орта Азия елдеріне С.Токарев, С.Демидов, В.Басилов есімді үш ғалым экспедияцияға шығады. Мақсаты түркі халықтарының ынтымағын ыдыратып, киелі ұғымдарын қирату еді. Сол үшін Мәскеуде “Жауыққан атеизм” (Воинствующий атеизм ) деген ұйым құрылады. Содан әлгі үш зерттеуші ауыл-ауылды аралап, сай-саланы жағалап зерттейді. Сөйтсе, бүкіл түркі халқының басын біріктіріп тұрған — Яссауи…
31 мамыр Түркістан Оқушылар сарайы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа» атты балалар әдебиеті фестивалі өтті.⠀⠀⠀Фестиваль барысында балалар мен жастар «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабының жауапты редакторы Назгүл Қожабек, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының атқарушы директоры Бағдат Құдияр және балалар жазушысы, ғалым Зира Наурызбаевамен кездесіп, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына…
Құрметті кітап сүйер оқырмандар📚 Сіздерді “Ғылымға жол” атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Акция Алматы қаласы Жастар саясатының қолдауымен “ОҚЫРМАН ҰЛТ” жобасы аясында өтуде. Акцияның мақсаты не? – “Ғылымға жол” қайырымдылық акциясы кітапханаларды әмбебап мазмұндағы әдебиеттермен толықтыруға арналған. – Ғылымға ден қойып келе жатқан жастардың кітапқа деген қажеттілігін өтеу басты талап. – Кітап оқу мен…
Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:…
23 шілде күні Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өнімі, қазыналы кітап «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті. Жастардың әлеуметтік және жеке дамуы мен жастар ұйымының қызметін қолдауға бағытталған ресурстық орталық бұл күні кітапсүйер талай жастың басын қосып, жаңа серпін, тың серпіліс бергені анық. Шіліңгір шілденің 45° ыстығы да ықыласты оқырманмен жылы жүздесуге…