Санжар Керімбай “Зердеш” зияткерлік  мектебінде лекция оқыды
|

Санжар Керімбай “Зердеш” зияткерлік мектебінде лекция оқыды

XXI ғасыр отбасы институты мен білім беру саласының білім беру саласының сыналатын һәм шыңдалатын тұсы екен. Мұны «Отбасы хрестоматиясы»  жобасының авторларын жиі лекцияға шақыратын білім ордаларынан байқадық. Жақында ғана жоба авторы Санжар Керімбай Алматы қаласының жеке меншік «Зердеш»  атты мектебінде лекция оқып қайтты. Ұстаздар баллдық жүйеден шаршағанын, балаға құндылық құюға негіз іздеп отырғанын айтты. Жобамыздың…

Алматыда “Отбасындағы 30 сабақ” кітабының таныстырылымы өтті

Алматыда “Отбасындағы 30 сабақ” кітабының таныстырылымы өтті

Баспамыздан ата-ана мен баланың арасына құндылықтың алтын қақпасын тұрғызар жаңа кітап шықты.  Көп ата-ана бізге хабарласқанда: «Балама не айтып берсем болады? Дастарқан басында қандай әңгіме айтамын?» деп сұрайды. Баяғы ата-әжелер дәуірі келмеске кетті. Қайта әкеле алмайсың. Бірақ олардың көзі жоғалғанымен хатталып сөзі сақталды. Соларды қағазға теріп, кітап етіп құрастырып, ұсындық Кітап “Отбасындағы 30 сабақ” деп…

Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алатау дәстүрлі-өнер театрында  өтті

Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алатау дәстүрлі-өнер театрында  өтті

Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі-өнер театрында  өтті. 700 адамға арналған зал лық толып, келген кісілер сыймай, орын жетпегендері есіктен сығалады дейді көргендер. Мерейтойдың тізгінін тележурналист Берік Есенбай ұстады. Халық түгел жайғасқан соң экранда бейнеролик қойылды. Бейнероликте Отбасы хрестоматиясы ұжымының осыған дейін атқарған жұмыстары мен жасаған  жобалары көрсетілді. Бейнебаянды көріп, көзіне еріксіз…

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтті

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтті

Ұлттық бренд мәртебесіне ие болған «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жыл сайынғы байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Алматы қаласында 2022 жылдың 29-30-31 шілде аралығында отандық өндірушілердің көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар көрмеде өнімін ұсына отырып, көпшілікке танытуға мүмкіндік…

Астана қаласында “Бейсен және Болмыс” кітабының тұсаукесері өтті

Астана қаласында “Бейсен және Болмыс” кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Астана қаласының көрнекті ғимараттарының бірі ҚР-ның Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кезекті шедевр туындысы – 2021 жылы жарық көрген «Бейсен және Болмыс» кітабының тұсаукесері болып өтті. Отандық телевизия тарихында өзіндік орны, қолтаңбасы бар Бейсен Құранбектей қайталанбас тұлғаның көпшілік біле бермейтін қырларын, ғибрат алар үлгілі, өнегелі істерін автор өзгеше талдауымен оқырман…

Қызылорда қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері өтті

Қызылорда қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері өтті

Шілде айының 25-ші жұлдызында Қызылорда қаласындағы Әбділдә Тәжібаев атындағы ғылыми кітапханада «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Оқырмандармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасу мақсатында Абзал Құспан, Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Бағдат Құдияр, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы сынды кітап авторлары арнайы келді. Шара барысында қиссалардың шығу тарихы, маңызы мен мәні, берер тәлімі мен тәрбиесі…