
Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
Ұлттық бренд мәртебесіне ие болған «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жыл сайынғы байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Алматы қаласында 2022 жылдың 29-30-31 шілде аралығында отандық өндірушілердің көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар көрмеде өнімін ұсына отырып, көпшілікке танытуға мүмкіндік…
12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.
7 шілде Тараз қаласы «ANTIKOR» орталығында Отбасы хрестоматиясы ұжымымен «Өркениетті адам» тақырыбында кездесу өтті. Тараз халқына Отбасы хрестоматиясы жобасы таныстырылды.
23 шілде күні Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өнімі, қазыналы кітап «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті. Жастардың әлеуметтік және жеке дамуы мен жастар ұйымының қызметін қолдауға бағытталған ресурстық орталық бұл күні кітапсүйер талай жастың басын қосып, жаңа серпін, тың серпіліс бергені анық. Шіліңгір шілденің 45° ыстығы да ықыласты оқырманмен жылы жүздесуге…