Диуани хикмет кітабы жарыққа шықты
Осыдан бір ғасыр бұрын, 1925 жылы Орта Азия елдеріне С.Токарев, С.Демидов, В.Басилов есімді үш ғалым экспедияцияға шығады. Мақсаты түркі халықтарының ынтымағын ыдыратып, киелі ұғымдарын қирату еді. Сол үшін Мәскеуде “Жауыққан атеизм” (Воинствующий атеизм ) деген ұйым құрылады.
Содан әлгі үш зерттеуші ауыл-ауылды аралап, сай-саланы жағалап зерттейді. Сөйтсе, бүкіл түркі халқының басын біріктіріп тұрған — Яссауи ата болып шығады.
«Қай үйге кірсең де төрінде Яссауи атаның кітабы тұрады. Немерелеріне хикмет жаттатады. Сондықтан ең бірінші кезекте әр үйден Яссауиді есімін өшіріп, Диуани хикметті жоюымыз керек» дейді олар.
1926 жылдан бастап «Диуани хикметке» соғыс жариялайды. Бір жылдың ішінде кітапты өртеп, жойып, әр үйден «тазалап» шығады.
Осылайша, ел ішінен кие мен хикметті ұшырып, қуып жібереді.
Мінекей, араға 100 жыл салып, сол кие мен хикметті әр қазақтың шаңырағына қайта әкеліп қондыруды мақсат еттік.
Лайым, солай болсын. Бұл кітап әр үйге береке әкелсін!