Қисса – қазақ дүниетанымының қалыптасуына тікелей ықпал еткен ортағасырлық жанр. Қисса айту дәстүрі Алтын Орда дәуірінде қарқынды дамып, түркі-ислам өркениетінің негізгін қалыптастырған. Академик Радлов «бір қиссаның құдіреті жүз молданың уағызынан артық» деп баға берді. Алайда, большевиктер орнатқан совет өкмет бұл дәстүрді жойып, кітаптарды тәркілеп, өртеді. Жыршылар мен қиссашыларды 70 жыл бойы қудалады. «Отбасы хрестоматиясы» қоры осы жанрды қолға алу арқылы ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуды қолға алды. «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр Шәріп», «Яссауи феномені», «Мың сұрақ», «Ecosophy немесе киелі табиғат» атты 6 кітапты жарыққа шығарды. Кітаптар қисса негізінде баяндалған. Otbasyhrestomatiasy хэштегімен әлеуметтік желілер арқылы да аудио-видео қиссаларды насихаттап келеді.