Логотерапия және экзистенциалды психология – суицидке, редукционизмге қарсы күрескен психолог ғалым Виктор Франкл негізін қалаған ғылымды Қазақстанға тарату жұмыстары. «Отбасы хрестоматиясы» қоры 2016 жылы «Логотерапия немесе өмірге ғашық болу» деген атпен Франклдің кітабын алғаш рет қазақ тіліне аударды. Сол арқылы ХХІ ғасырда адамзат оқуға мұқтаж болатын 10 кітаптың бірін қазақ қоғамына таныстырды.