
Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
Бүгін Астана қаласының көрнекті ғимараттарының бірі ҚР-ның Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кезекті шедевр туындысы – 2021 жылы жарық көрген «Бейсен және Болмыс» кітабының тұсаукесері болып өтті.
Отандық телевизия тарихында өзіндік орны, қолтаңбасы бар Бейсен Құранбектей қайталанбас тұлғаның көпшілік біле бермейтін қырларын, ғибрат алар үлгілі, өнегелі істерін автор өзгеше талдауымен оқырман көңіліне дөп жеткізе білген. Бұл кітапта автор кейіпкердің еркіндіктен бастау алатын адами құндылықтарын – жауапкершілік, ар-ұят, уәдеде тұру, қамқорлық таныту, мейір-махаббат, т.б. қасиеттерін алға тартып, оқырманын ойға қалдырады.
Екі жоқтық пен бір бардың арасында АДАМ боп қалу, болмыстың ашылуы сынды тақырыпты кейіпкердің өмір жолынан мысал келтіре отырып, кеңінен талдайды. Кітап жалпы өз-өзін тануға ұмтылған, тұлғалық дамуға бет бұрған барша оқырманға арналған.
Аяужан Рысқұлқызы
Баспамыздан ата-ана мен баланың арасына құндылықтың алтын қақпасын тұрғызар жаңа кітап шықты. Көп ата-ана бізге хабарласқанда: «Балама не айтып берсем болады? Дастарқан басында қандай әңгіме айтамын?» деп сұрайды. Баяғы ата-әжелер дәуірі келмеске кетті. Қайта әкеле алмайсың. Бірақ олардың көзі жоғалғанымен хатталып сөзі сақталды. Соларды қағазға теріп, кітап етіп құрастырып, ұсындық Кітап “Отбасындағы 30 сабақ” деп…
Осыдан бір ғасыр бұрын, 1925 жылы Орта Азия елдеріне С.Токарев, С.Демидов, В.Басилов есімді үш ғалым экспедияцияға шығады. Мақсаты түркі халықтарының ынтымағын ыдыратып, киелі ұғымдарын қирату еді. Сол үшін Мәскеуде “Жауыққан атеизм” (Воинствующий атеизм ) деген ұйым құрылады. Содан әлгі үш зерттеуші ауыл-ауылды аралап, сай-саланы жағалап зерттейді. Сөйтсе, бүкіл түркі халқының басын біріктіріп тұрған — Яссауи…
28-29 мамыр Шымкент қаласы, Арбатта кітап жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорыны ұйымдастырды. Бұл шарада еліміздегі кітап баспалары өз өнімдерін таныстырды. Жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедисы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» баспасы және де қалалық кітапханалар қатысты. Отбасы хрестоматиясының…