
Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.
Ұлттық бренд мәртебесіне ие болған «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жыл сайынғы байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Алматы қаласында 2022 жылдың 29-30-31 шілде аралығында отандық өндірушілердің көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар көрмеде өнімін ұсына отырып, көпшілікке танытуға мүмкіндік…
Атырау қаласында 7-11 шілде аралығында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсауы кесілді. Аталмыш шараға Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген және Айбек Нәби іспетті кітап авторлары қатысты. Шара барысында осы кітаптар жөнінде лекция оқылып, оқырмандармен ашық сұхбат болды. Сондай-ақ Атырау қаласында Отбасы хрестоматиясы кітаптарының кітап-жәрмеңкесі болып өтті. Оқырмандар кітаптарды жеңілдікпен һәм кітап авторларының қолтаңбасымен алды.
Отбасы хрестоматиясы ұжымы VII “KITAP FEST 2021” кітап фестиваліне қатысқаны және еліміздің кітап мәдениеті дамуына үлес қосқаны үшін марапатталды. Кітап фестивалге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевта қатысты. Оқырман қауымға Отбасы хрестоматиясының кітаптары таныстырылып, кітап авторлары лекция оқыды.
Бүгін Астана қаласының көрнекті ғимараттарының бірі ҚР-ның Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кезекті шедевр туындысы – 2021 жылы жарық көрген «Бейсен және Болмыс» кітабының тұсаукесері болып өтті. Отандық телевизия тарихында өзіндік орны, қолтаңбасы бар Бейсен Құранбектей қайталанбас тұлғаның көпшілік біле бермейтін қырларын, ғибрат алар үлгілі, өнегелі істерін автор өзгеше талдауымен оқырман…
31 мамыр Түркістан Оқушылар сарайы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа» атты балалар әдебиеті фестивалі өтті.⠀⠀⠀Фестиваль барысында балалар мен жастар «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабының жауапты редакторы Назгүл Қожабек, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының атқарушы директоры Бағдат Құдияр және балалар жазушысы, ғалым Зира Наурызбаевамен кездесіп, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына…