Әлдиден эпосқа дейін
Бұл кітапта бесік жырлары, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, аңыз-қиссалар, батырлар жырлары жинақталған. Кітап алғаш рет 2013 жылы жарық көрді. “Отбасы хрестоматиясының” алғашқы кітабы. Содан бері оқырмандардың ең сүйікті кітабының біріне айналды.
Кітапты құрастыру кезінде Алаш қайраткерлерінің бала кезде оқыған аңыз-қиссалары негізге алынды. Баланың көкірегін құндылыққа толтырып, ой-өрісін кеңейтетін фольклорлар жинақталды.
Тираж – 35 000 дана.
Бағасы: 4000 теңге
Салт-дәстүр сөйлейді
Кітапта Түркі-Ислам өркениетінде қалыптасқан қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы сипатталады. Қазақ ырым-тыйымдарында «Не үшін?», «Неге?», «Не себепті?» деген сұрақтарға жауап беретін аңыздар жинақталды. Бұл аңыздарды 1920 жылдан бастап большевиктер жойып жіберген еді. Кітап 2014 жылы жарық көрді. Авторлар архивте сақталған қолжазбалардан іздеп, қариялардың аузынан жазып алып, мазмұнын мектеп оқушысының тіліне лайықтап әзірледі. Соңғы жүз жылда басы бірікпей, шаң тозаңдай болып шашырап кеткен барлық аңыз-қиссалардың логикалық жүйесін жасап, тұтас бір дәуірдің жойылып кеткен мәдениетін қайта сомдап шыққан.
Тираж – 35 000 дана.
Бағасы: 4000 теңге
Сияр Шәріп
Кітапта Мұхамбет пайғамбардың қиссалары қазақы дүниетаным бойынша баяндалған. Кітапты жазу барысында ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәрпі» негізге алынған. Кітап 2015 жылы жарық көрді. Кітапты құрастыру кезіне мүмкіндігінше қазақы, көшпелі түркі танымына негізделген сюжеттер пайдаланылған. Кітап Мұхамбет пайғамбардың өмір тарихына қызығатын барлық оқырман қауымға, ізденушілерге, зерттеушілерге арналады.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы: 4000 теңге
Яссауи феномені
Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі-Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Кітап 2017 жылы жарық көрді. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Тәуелсіз Қазақстанның 31 жылдағы әлеуметтік-рухани саласына экзистенциялық талдау жасалады.
Тираж – 15 000 дана.
Бағасы: 4000 теңге
Логотерапия
Логотерапия атауын әйгілі психолог Виктор Франкл енгізген. Мағынасы адамды даналықпен емдеу дегенді білдіреді. Кітап 2016 жылы жарық көрді.
Франкл 1920 жылы Венаның ІІІ психоаналитика мектебінің негізін қалаған. “Адам өмірге не үшін келген? Миссиясы не?”, “Адамның өмірінде мән бар ма?”, “Өлім деген не?”, “Өлген соң өмір бар ма?”, “Бізді Құдай жаратты ма?”, “Жаратса менен не тілейді?”, “Ар-ұят деген не?”, “Тағдыр деген не?”, “Ерік қалауым бар ма, жоқ па?”, “Жауапкершілік деген не?” деген сұрақтарға логотерапия тұрғысынан жауап береді.
Тираж – 35 000 дана.
Бағасы: 4000 теңге
Ecoshopy немесе киелі табиғат
Кітапта киелі аң-құстардың аңыздары жазылған. Осы арқылы табиғатты қалай сақтауға болатыны жайлы айтылады. Кітап 2019 жылы жарық көрді. Экософия идеясын алғаш рет норвег ғалымы Арне Несс өмірге әкелген. Содан бері экология ғылымы-ның ең кенже саласын ретінде дамыған елдердің тәжірибесінде қолданылып келеді.
Бұл кітап баланың танымына өте-оңай жазылған. Оқыған адамды бірден баурап алады.
Тираж – 15 000 дана.
Бағасы: 4000 теңге
Мың сұрақ
Кітап 2019 жылы жарық көрді. Ертеде Ұрым шаһарында Мәлике деген қыз болады. Ол мың сұрақ жасырып, “Кімде кім менің сұрақтарыма жауап берсе, соған тұрмысқа шығамын” деп жар салады. Оның барлық сұрағына Әбілда есімді түркістандық жігіт мүдірмей жауап береді. Кітап ертегі мен аңыз форматында жазылған.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы: 3500 теңге
Диуани-хикмет
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітапта Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың «Диуани Хикмет» кітабы қазақшаға аударылып беріліп отыр. Жалпы «Диуани Хикметтің» бірнеше нұсқасы бар. Соның ішіндегі парсы тілінде жарық көрген нұсқасына тәржіма жасалды. Кітаптағы сөйлемдерді мейлінше қаз қалпында беруге тырыстық. Сондықтан хикметтердің тілі ауыр, сөйлем құрлысы күрделі болуы мүмкін.
Кітап Қожа Ахмет Яссауи мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.
Тираж – 7 000 дана.
Бағасы: 2500 теңге
Қисса-сүл-әнбия
Кітап 2022 жылы жарық көрді. Кітапқа ХIII ғасырда өмір сүрген Рабғузидің аңыз-қиссалары енгізілген. Бұл кітап бұған дейін “Мәдени мұра” аясында “Әдеби жәдігерлер” деген сериямен жарық көрген. Одан соң “Сырдария кітапханасы” сериясымен тағы бір рет шыққан. “Қазыналы Оңтүстік” сериясыменден оқырманға жол тартты. 2001 жылы жазу Роза Мұқанова әдеби көркемдеп тағы бір нұсқасын шығарған еді. Осы қиссаларды толықтырып, өңдеп, философиялық және психологиялық талдау жасап, ұсынып отырмыз. Кітап фольклорлық шығарма ретінде әдебиетшілерге, ізденушілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға ұсынылады.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы: 5500 теңге
Отбасындағы 30 сабақ
Кітап 2022 жылдың соңында шықты. XXI ғасырдың басында отбасы институты әлсіреді. Көнекөз қариялар азайды ма, дастарқан басында өнегелі әңгіме айтып, сөз ұстайтын адамдар сиреді. Ата-ана баласына не әңгіме айтып берерін білмей таусылды. Амал жоқ, баланың көкірегін смартфондағы арзан әзіл-қалжың толтыра бастады. «Балама не айтып берсем болады? Дастарқан басында қандай әңгіме айтамын?» деп хабарласқан ата-аналарда есеп жоқ. Баяғы ата-әжелер дәуірі келмеске кетті. Қайта әкеле алмайсың. Бірақ олардың көзі жоғалғанымен хатталып сөзі сақталды. Соларды қағазға теріп, кітап етіп құрастырып, ұсындық. Мақсатымыз – отбасы мүшелері дастарқан басында отырғанда ортақ әңгіме айтуына септігімізді тигізу. «Отбасындағы 30 сабақ» оқу құралы және жұмыс дәптерінен тұрады.
Тираж – 5 000 дана.
Бағасы (кітабы): 4250 теңге
Бағасы (жұмыс дәптері): 2250 теңге
Сыр сөз
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітапта қазақ ойшылы Шәкәрім Құдайбердінің экзистенция бағытында жазылған сыр сөздері мен қарасөздері басылған.
Кітап экзистенция бағытындағы әдебиеттерге қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 5 000 дана.
Бағасы: 2500 теңге
Бейсен және болмыс
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әртүрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі.
Кітап экзистенция философиясына, логотерапия іліміне қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 15 000 дана.
Бағасы: 3000 теңге
Балалықтан даналыққа
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітап логотерапия және экзистенция анализі негізінде талданған. Одан бөлек психология ғылымдарының докторы, логотерапевт Элизабет Лукастың тәжірибелері молынан енгізілді. Оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері, автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұқбаттары берілген.
Бұл кітап баланың болмысы мен оның тәрбиесіне тереңінен үңілген барша ата-анаға арналады. Сонымен қатар оқушылармен тікелей жұмыс істейтін мектеп психологтарына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне факультативті құрал ретінде ұсынылады.
Тираж – 15000 дана.
Бағасы: 3000 теңге
Өмірге ғашық болу
Кітап 2018 жылы жарық көрді. Kітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды.
Бұл кітап, әсіресе, жасөспірімдердің қатты қызығушылығын тудырды. “Өмірдің мәні не?” деген сұраққа автор өте қарапайым жауап береді.
Тираж – 15 000 дана.
Бағасы : 3000 теңге
Өркениетті адам
Кітап 2018 жылы жарық көрді. Кітапта автордың түрлі ситуацияға кезігіп, одан шығудың жолдары, тәжірибелері баяндалған. Кітапты оқып отырып, Қазақстандағы надандық факторы, оның себебі мен салдарына үңіле аласыз. Кітаптағы оқиғалар экзистенция анализі бойынша талданған.
Бұл кітап “Өмірге ғашық болу” деген кітаптың екінші сериясы ретінде жазылған.
Тираж – 15 000 дана.
Бағасы : 3000 теңге
Өзбекәлі және мәдени майдан
Бұл кітапта мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің қызметі мен болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Өзбекәлі жайлы естеліктер мен оқиғаларды сараптай отырып, оның мәдениет саласындағы жанқиярлық күресі баяндалады. Кітапта мемлекет құрудағы және ұлттық идеология жасаудағы мәдениет пен мәдени қайраткердің рөліне басымдылық беріледі. Соны насихаттау әрі экзистенция мақамында талдау арқылы оқырманның кеудесіне ұлттық құндылық пен патриоттық сезімді ұялатады. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырманға арналады.
Бағасы : 4000 теңге
Қуыскеуде
Бұл кітапта ХХІ ғасырдың ең үлкен проблемасына айналған экзистенциялық фрустрацияның қазақ қоғамындағы пайда болуы мен таралу себептеріне экзистенциялық анализ жасалады. Әлем бойынша өзінің тарихи жадынан айырылып, ана тілі мен төл мәдениетінен көз жазып қалып, рухани тоқырауға тез ұрынған халықтың бірі – қазақ жұрты. Жалпы адам болмысының іштен бөлшектенуі ХХІ ғасырда жаппай белең алған қауіпті құбылыс саналады. Әзірге өз мәдениеті мен тарихы терең тамырына үңілуге қабілетті, сауатты елдер ғана бұл дертпен сәтті күресіп жатыр. Біз де осының қазақша нұсқасын жасадық. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырмандарға арналады.
Бағасы : 3500 теңге
Махаббаттың мәні
Кітап 2018 жылы жарық көрді. Кітап махаббат мәселесін жан-жақты қарастырып, оны биологиялық, психикалық және философиялық тұрғыдан талдау жасайды. Қазіргі қазақ отбасындағы ажырасу проблемаларының себебін онтологиялық, экзистенциялық анализ арқылы зерделейді. “Махаббаттың мәні не”, “адамдар неге суынып кетеді”, “адалдық неге қажет?”, “ғашықтар неге және кімнің алдында жауапкершілік арқалайды?”,- деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап іздейді.
Тираж – 15 000 дана.
Бағасы : 3000 теңге
Мамандықтың мәні
Бұл кітап мамандық, кәсіп, қызмет, қарым-қабілет, тәңірлік бейім, талант, еңбек, арман, мақсат, ерік-қалау, тұлғалық даму, мән табу ұғымдарына экзистенциализм тұрғысынан түсінік береді. Оларға философиялық талдау жасап, өмірлік мысалдармен, деректі оқиғалармен түсіндіреді. «Мамандық адамның пешенесіне жазыла ма, әлде оны өзі таңдай ма?», «Білікті маман қалай қалыптасады?», «Олардың құралы қайсы, құндылығы қайсы?», «Мансап жолында неге назар аударуы керек?» деген сияқты бірқатар сауалдарға жауап іздейді.
Бағасы : 4000 теңге
Ойланушы
Кітапта автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары берілген. Оқиғаларды автор экзистенция анализі негізінде талдап, қарапайым тілде түсіндіреді. Кітаптағы материалдар бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған. Көбісі ұмытылып та кеткен. Соларды жинақтап, тұтас негізде оқырманға ұсыну үшін әзірледік. Кітап экзистенция тақырыбына қызығатын оқырмандарға арналады.
Бағасы : 3000 теңге
Әділ патша
Кітап 2019 жылы жарық көрді. Бұл кітапта балаға жауапкершілік, даналық, әділдік, мейірім сияқты көптеген қасиеттерді дарытатын қазақ ертегілері сұрыпталып басылған. Әр ғасырдағы халықтық туындыларды заманауи текстологиялық өңдеуден өтіп, тілі жеңілдетілген. Кітапқа төрт ертегі жинақталған. Ертегілердің әрбірі арнайы салынған суреттермен көркемделген.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 3000 теңге
Балалар әдебиеті
Асыранды аққу
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Дмитрий Мамин-Сибиряк – әйгілі орыс жазушысы. Жиырма бес жасында науқастанып, дәрігерлер одан табиғатта жиі серуендеуді талап етеді. Ол Оралдың орман-тоғайын кезіп жүріп, аңшылармен жиі әңгімелеседі. Үйіне оралған соң, оларды қызықты әңгіме етіп, қағазға түсіреді.
Сибиряк әңгімелерін 1927 жылы Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан аударып, «Қыр баласы» деген лақап атпен басады. 1932 жылы «Асыранды құс» әңгімесін Әлкей Марғұлан аударады. Онан соң 1936 жылы С.Жүнербайұлы «Емеля аңшы» атты әңгімесін аударған екен. Жазушының шығармалары сол замандағы төте, латын хәріптерінде жарық көрген. Сондықтан оларды қазіргі жазуға түсіріп, қайта ұсынып отырмыз.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Ағайынды Гриммдер
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітапта «Ағайынды Гриммдер» деген атпен таныс неміс халқының бірқатар ертегілері топтасқан. Ертегілерді XVIII ғасырда Уильгельм, Жакоб есімді екі неміс ағартушысы құрастырған. Бұл ертектер сол заманнан бері жалғасып классикалық дүниеге айналды. «Қызыл телпек», «Бремен музыканттары» сияқты ертегілер әлем балаларының сүйікті образдарына айналып үлгерді.
«Ағайынды Гриммдердің» ертегі кітабы 1934 жылы алғаш рет қазақшаға аударылып, латын әрпінде жарық көрген еді. Біз сол нұсқасын қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Балалар үшін
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Кітапқа орыс жазушысы Лев Толстойдың «Балалар әңгімесі», «Пилипок», «Булка», «Балапан» және «Мысал әңгімелері» еніп отыр. Шығармалардың дені бүлдіршіндердің танымына, ойлау қабілетіне ыңғайлы етіп жазылған. Кітаптың тілі шұрайлы, жатық.
Бұл әңгімелер алғаш 1925-1937 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 3000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Бастилия тұтқыны
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Кітапқа ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің «Бастилия тұтқыны», «Кішкентай Тим», «Қара шегіртке», «Жиһанкез», «Сүйкімді Нел», «Қоңыраулы мұнара» атты шығармалары енген. Онда адамның рухани қабатынан шығатын мейірім, махаббат, адалдық сияқты қасиеттер бас насихатталады.
Бұл әңгімелер алғаш 1936-38 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Бес әңгіме
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітапта француз жазушысы Ги де Мопассанның бірнеше шығармасы берілген. Бұл шығармалар 1935-1937 жыл аралығында қазақшаға аударылыпты. «Бес әңгіме», «Томпыш», «Франсуаза» деген атпен үш кітап жарық көрген. Одан бөлек 1925 жылдары «Қазақ», «Әйел теңдігі», «Ақ жол» деген газеттерінде «Қыр баласы» деген атпен Әлихан Бөкейханұлының аудармалары да жарияланыпты. Сол еңбектерді жинап, қайта ұсынып отырмыз.
Бұл кітап әлемдік классикаға қызығатын, көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін барша оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Бөдене бирүк шалғын
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Иван Сергеевич Тургенев – орыстың атақты жазушысы. Көзі тірісінде-ақ әлемге әйгілі болып, 1878 жылы Оксфорд университетінің құрметті докторы атағын алған. Оның 1936 жылы жарық көрген «Бөдене», «Бирүк» атты әңгімелері бір жылдан соң қазақ тіліне аударылады. Алайда, бұл кітаптар сол замандағы латын хәрпімен жарық көрген еді. Сондықтан, қайтадан кирилл нұсқаға түсіріп, ұсынып отырмыз. Тургеневтің бұл жинақтағы шығармалары жас баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Гулливер лилипуттар елінде
Кітап 2020 жылы жарық көрді. Кітапта ағылшын жазушысы Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Гулливердің басынан кешкен қызықты оқиғасы бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Доктор Айболит
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Кітапта орыс жазушы Корней Чуковскийдің «Доктор Айболит: Гю Лофтингінің шығармасы бойынша» еңбегі балалардың тіліне ыңғайланып, ықшамдалып берілген. Мұнда Доктор Айболиттің басынан кешкен қызықты оқиғалары бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1938 жылы жарық көрген. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Жан Кристоф
Кітап 2020 жылы жарық көрді. Кітапта француз жазушысы Ромен Ролланның «Жан Кристоф» атты романы балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Музыкаға жаны құмар бүлдіршіннің алғаш рет музыка әлемімен танысқаны, жас композитор атанғаны, тұңғыш рет сахнада өнер көрсеткені қызықты сюжеттер арқылы өріліп ұсынылады.
Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырман қауымға арналады.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Жырық құлақ
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Кітапқа Канада жазушысы Сетон Томпсонның «Жырық құлақ» деген шығармасы енген. Жазушы балаларға жануарлар әлемін, олардың ішкі жан дүниесін түсіндіру үшін бұл әңгімеге кейіпкер етіп қояндарды алады. Олардың өмірі, тіршілігі, махаббаты жайлы тұщымды ақпарат береді. Бұл әңгіме 1937 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылыпты. Біз сол нұсқаны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясы
Кітап 2020 жылы жарық көрді. ХVIII ғасырда неміс жерінде барон Мүнхаузен деген әпенді өмір сүреді. Соның басынан кешкен күлдіргі әңгімелерін неміс жазушысы Эрих Распе жинақтап, кітап етіп жазған. Кейін бұл Еуропадағы өте атақты кітапқа айналған. 1935 жылы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған. Соны қайта өңдеп ұсынып отырмыз.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Робинзон Крузо
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітап – ағылшын жазушысы Даниел Дефоның қызықты саяхат тақырыбындағы көркем шығармасы. Роман қазақ тіліне алғаш 1937 жылы аударылған. Соны қайта өңдеп, балалардың тіліне ыңғайлап шығарып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырмандарға арналған.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Сурат кофеханасы
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Бұл кітапта орыс жазушысы Лев Толстойдың бірнеше шығармалары қазақша аударылып берілген. Шығармалардың дені экзистенция, логотерапия принциптерімен жинақталды. Әрі балалардың тіліне лайықталып, оқуға ыңғайлы етіп ықшамдалған.
Кітап экзистенциялық бағыттағы әдебиеттерге қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Уида. Нелло мен патраш
Кітап 2020 жылы жарық көрді. Кітапта ағылшын жазушысы Мария Луиза де ла Раменің «Нелло мен патраш» атты еңбегі балалар-дың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Нелло атты жетім бала мен оның патраш атты төбе-тінің басынан кешкен аянышты өмірі бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Хәри мен Кәри
Кітап 2021 жылы жарық көрді. Дхан Мукержи үндінің көрнекті жазушысы. Ол үндінің қалың тропикалық орманында туып өскен. Балалық кезі жүнгілдің ішінде өтеді. Есейе келе хан өзінің жазушылыққа бейімін байқайды. Сөйтеді де, «Жүнгілде» деген сериямен әңгімелер жаза бастайды. 1930 жылдары оның әңгімесі бүкіл әлемнің қазығушылығын оятады. 1937 жылы оның «Хари мен Кәри» деген әңгімесі қазақшаға аударылып, жарық көреді. Аударған Ә.Сүлейменов. Кітап латын хәрпінде шыққан. Кейін жарық көрмеген. Соны кирилл нұсқасында өңдеп, қайта ұсынып отырмыз.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Қасқыр. Киш туралы аңыз
Кітап 2020 жылы жарық көрді. Кітапқа америкалық жазушы Ж.Лондонның «Қасқыр» және «Киш туралы аңыз» атты шығарма-лары енген. Балалардың тіліне ыңғайлап, ықшам-дап берілген. Бұл кітаптар алғаш рет 1936 және 1937 жылдары жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Тираж – 10 000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Кішкентай суретші
Кітап 2022 жылы жарық көрді. Кітапқа түрік жазушысы Фатыма Гүнердің “Кішкентай суретші” атты шығармасы енген. Шығармада Кәрім деген талантты суретшінің өмірі, арманы, білімге деген құштарлығы әдемі суреттеледі. Әрі кітап оқушы оқырманды сурет салу өнеріне қызықтыра түседі.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Муму
Кітап 2022 жылы жарық көрді. Кітапқа орыс жазушысы И.С.Тургеневтің «Муму», «Торғай», «Ер торғай» сияқты шығармалары енген. Онда адам мен табиғат арасындағы шынайы қатынас суреттеледі. Бұл әңгімелер алғаш 1925-1934 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Кішкентай ханзада
Кітап 2022 жылы жарық көрді. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің “Кішкентай Ханзада” аллегориялық ертегісі әлемдегі ең көп оқылатын шығармасы. Әлем тілдерінің барлығына дерлік аударылған. Балаларға арналған кітап болғанымен онда адам болмысына қатысты терең пайымдар беріледі және оны ересектерде қызыға оқиды. Әйгілі философ Мартин Хайдеггер “Кішкентай Ханзаданы” ХХ ғасыр экзистенциализмінің ең ұлы туындыларының қатарына жатқызады.
Повесть қызықты саяхат, қиял ғажайып пайымдарға қызығатын балаларға және жалпы оқырмандарға арналады.
Тираж – 3000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Бала Мәжиттің хикаялары
Кітап 2022 жылы жарық көрді. Бұл кітапта Мәжит есімді ирандық баланың басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Әжесінен басқа ешкімі жоқ бала Мәжит Иранның Керман қаласына жақын маңда туып, кейінірек әжесі екеуі қалаға көшіп келеді. Кітапқа сегіз әңгәме енді. Әр әңгімеде Мәжит қызықты да қиын бір жағдайға түсіп отырады. Бірақ бас кейіпкер қиыннан қиыстырып жол табуды да біледі. Кітап авторы ақ көңіл баланың аузымен тәлім-тәрбие, отбасылық құндылықтар мен өмірге деген құштарлық жайлы ойларын оқырманға шебер жеткізеді.
Кітап балаларға, жасөспірімдерге, студенттерге және балалар әдебиетіне қызығатын барлық оқырманға арналған.
Тираж – 3000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Уида. Дала
Бұл кітапта ағылшын жазушысы Мария Луиза Раменің (Уида) «Дала» және «Өркөкірек» деген шығармалары еніп отыр. Бұл кітаптар 1937 жылы латын хәрпінде жарық көрген еді. Соны қайта басып, оқырманға ұсынып отырмыз.
Кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
Тираж – 5000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Шығыс даналығы
Әзірет Сұлтан аңыздары
Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Яссауи феномені» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта Қожа Ахмет Яссауи мен оның шәкірттері жайлы аңыздар берілген.
Кітап Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 1000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Миғражнама оқиғасы
Бұл кітаптағы аңыздар Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан «Сияр Шәріп» кітабынан ықшамдалып алынды. Кітапта XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шәріп» кітабынан алынған аңыздар берілген.
Кітап Әзіреті Мұхамбет пайғамбардың өмірі мен хикметіне қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 1000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Қабуснама
Кейқабыс деген патша 63 жасқа келгенде өзінің ұлы Ғиланшахқа арнап өсиетнама кітабын жазады. «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл қазынам – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым», – дейді. Кейін бұл кітапқа патшаның есімі тіркеліп Қабуснама деп аталады. Бұл кітап XI ғасырдан бастап шығыс елдерінде өте кең таралды. Тіпті XX ғасырдың басына дейін өзекті дүниеге айналған. Бұл кітапты қазақ тіліне 1973 жылы Тұрсынәлі Айнабеков деген абыз ақсақал аударып, қазақша сөйлеткен. Сол кісінің еңбегін қайта басып отырмыз. Кітаптың мазмұны адамгершілік, әділдік, ар-ұят, махаббат, мейірім, жауапкершілік сиқяты рухани феномендерді насихаттайды.
Кітап шығыс даналығы мен мұрасына қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 1000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Піл туралы талас
Бұл кітапқа әйгілі шайыр Мәулана Румидің хикаялары
мен даналық ойлары аударылып берілген. Румидің
кейбір хикаяларын әйгілі ақын Қадыр Мырза Әлі мен
аудармашы Арғынбай Бекбосын қазақша өлеңмен өріп,
сөйлеткен екен. Хикаялардың соңына осы ақындардың
өлеңдерін үлгі етіп бердік. Кітап шығыс даналығына
қызығатын оқырмандарға арналады
Бағасы : 2000 теңге
Наурызнама
Бұл кітапта Шығыстың жеті жұлдызының бірі – Омар Хайямның «Наурызнама» атты рисаласы берілген. Мұнда Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы аңыздар ұсынылады. Одан бөлек, Шығыстың бірнеше шырынды хикаялары да қамтылған.
Кітаптың соңғы жағына Шығыстың тағы бір жұлдызы – Тирмизидің «Наурызнама», «Салнама» сияқты рисаласы аударылып ұсынылды. Сосын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Наурызнамасы» да жинақталып берілді.
Кітап шығыс даналығына, хикметіне, құндылығына, қызығатын оқырманға арналады.
Тираж – 1000 дана.
Бағасы : 1500 теңге
Құстар мәжілісі
Құстар мәжілісі – парсы ақыны Фәруридин Әттардың «Мантик ат-таир» шығармасының қазақ тіліне жасалған алғашқы көркем аудармасы.
Шығарма парсы және шығыс әдебиетіне, оның ішінде сопылық әдебиетке қызығатындарға, сондай-ақ рухани ізденісте жүрген көпшілікке арналады.
Тираж – 2000 дана.
Бағасы: 2000 теңге
Билейтін әріптер
Билейтін әріптер жайлы естігенсіз бе? Ғани деген бала кітап оқимын деп қызықты, шытырман оқиғаға кенеледі. Кітаптың мазмұны өте қызық сюжетке құрылған. Оқыған баланы бірден баурай жөнеледі.Бұл кітаптың сюжеті ағылшын, американ, түрік, неміс тілдерінде кездеседі. Бірақ біз түпнұсқаны сол күйінде бермей, кітаптың оқиғасын қазақ тілінде сөйлетіп, қазақы танымға бейімдеп жасап шықтық. Суреттері де қайта салынды. Кітап бастауыш сыныпта оқитын балаларға арналады.
Бағасы: 1500 теңге
Кітаптан қорқатын бала
Бұл кітаптың негізгі идеясы итальян, испан, түрік әдебиеттерінде жиі кездеседі. Негізгі авторы Тамаро Сузанна есімді итальян жазушысы екен. Бірақ біз кітаптың мазмұнын қазақ балаларының танымына лайықтап, қайта жазып отырмыз. Кітаптың идеясы – балалардың әдебиет оқуға деген ынтасын арттыру. Кітап бастауыш сыныпта оқитын балаларға арналады
Бағасы: 1500 теңге
Кітап оқмайтын қыз
Бұл кітаптың идеясына ұқсас сюжеттер ағылшын, испан,түрік, парсы тілдерінде жарық көрген. Біз мұның қазақша нұсқасын жасап отырмыз. Яғни кітаптың кейіпкерлері мен мазмұны қазақы танымда баяндалған. Мұндағы мақсатымыз – кішкентай балаларды өз ұғымына, танымына жақын оқиғалармен қызықтырып, кітап оқуға баулу.Кітап бастауыш сыныпта оқитын балаларға арналады.
Бағасы: 1000 теңге
Сөз жинаушы қыз
Бағасы: 1500 теңге
Әріптер қалашығы
Бұл кітаптың сюжеті әлемнің бірнеше елдерінде бұрыннан бар.Тіпті кітап болып та басылған. Бірақ біз кітаптың мазмұнын қазақы танымда көркемдеп, суреттерін жаңаша кескіндеп, қайта жаңғыртып отырмыз.Бұл кітап әріпті енді үйреніп жүрген балақайларға арналған. Нәзір есімді бүлдіршін «Әріптер қалашығына» сапар шегіп, әліппедегі 42 әріппен танысады.Әріптер адамша сөйлеп, өз ерекшелігін айтып, баламен жақын дос болады. Сол арқылы бала әріптердің басын құрап, ежелеп оқуды үйренеді.Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.Корапта: ертегі, жаттығу дәптері және көркем жазу дәптері бар.
Бағасы: 4000 теңге
Жас Қаныш
Кітапта Қаныш Сәтбаевтың туғаннан бастап Том қаласына
оқуға барғанға дейінгі өмір тарихы көркем әңгіме түрінде суреттеледі.
Әсіресе Қанышқа кішкентай кезінде әкесі Имантайдың үйреткен
тәрбиесі, әжесі Нұрымның тағылымы баяндалған.
Бұл кітап 1999 жылы аз тиражбен жарық көрген екен. Соны қайта
баспаға әзірлеп отырмыз. Қолыңыздағы бұл туынды Қ.Сәтбаевтың
өміріне қызығатын, оны идеал тұтатын, балаларын Қаныш сияқты
өсіргісі келетін оқырманға арналады
Бағасы: 3000 теңге
Қуғындалған Сәтбаев
Жазушы Медеу Сәрсеке – өмірінің елу жылдан астам
уақытын сарп етіп, академик Қаныш Сәтбаевтың ғұмыры
мен еңбектерін көлемді кітапқа айналдырған жазушы.
Алайда «Сәтбаев» кітабы саяси себептермен он төрт жыл
бойы жарыққа шықпай, баспада жатып қалған. Кейіннен
жазушы сол кітапты шығару барысындағы қиындықтарды осы
«Қуғындалған «Сәтбаев» кітабында тарқатып түсіндіреді.
Академиктің соңына кімдер түскені, оның қалай және не үшін
қуғындалғаны баяндалады.
Кітап Қаныш Сәтбаевтың өмір жолына, сол кезеңдегі
тарихи-саяси жағдайларға және қазақ ғылымының тарихына
қызығатын барша қауымға арналады.
Бағасы: 3000 теңге
Қаныштың жастық шағы
Кітапта Қаныш Сәтбаевтың жастық шағындағы оқиғалар баяндалады. Кітаптың авторы Төкен Оразов Қанышпен бір ауылда өскен.
Оның Қаныш жайлы есте қалған оқиғалары шұрайлы әрі қызықты
тілмен суреттеледі. Әрі Қаныштың жас кезіндегі беймәлім қыры мен
естеліктерінен сыр шертеді.
Бұл кітап 1971 жылы бір рет жарық көріп, белгісіз себептермен советтік цензураға да іліккен. Одан соң баспа бетін қайта көрмеген. Қ.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арнап қайта шығарып отырмыз.
Бағасы: 1500 теңге
Қаныш және ғылыми майдан
Кітапта Қаныш Сәтбаевтың болмысы, өмір жолы, ғылым жолындағы жанқиярлық ерліктері экзистенция анализі арқылы талданады. Әсіресе 1946 жылы ашылған Қазақ
Ғылым Академиясының тарихы мен жетістігі кеңірек баяндалады. Қаныш Сәтбаевтың жанына серік болған ғылыми майдандағы достары – М.Әуезов, Ж.Шаяхметов, Ш.Шөкин, Ш.Есенов,
Е.Бөкетов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев жайында да мәлімет беріледі.
Бұл кітаптың Қаныш Сәтбаевқа арналған басқа кітаптан ерекшелігі –
кейіпкердің өмірбаянын толық баяндап шығуды мақсат етпейді. Қаныш
Сәтбаевтың кейбір шешімі мен іс-әрекетін экзистенция анализі, онтология,
логотерапия, феноменологиялық әдіспен түсіндіреді.
Кітап қазақ мәдениеті мен танымына, ұлтшыл тұлғалардың өміріне
қызығатын оқырманға арналады.
Бағасы: 4000 теңге
Тағдыр тағылымы
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым
Өзбекәлі Жәнібекті елімізде білмейтіндер кемде-кем. Ол – ұрпақ тәрбиесін жақсартуға, ұлттық мәдениетті дамыту
ісіне, халқымыздың дәстүрлі өнерін дүн-дүниеге танытуға өзіндік үлесін қосқан адам.
Республика жастарын игі істерге бастаған ұзақ жылдар, кеңес қызметінде жүріп бастан кешкендер, тарихи және мәдени
ескерткіштерді мемлекеттік есепке алу, қорғау, қайта ұқсату және пайдаланудағы бесенелі
бейнет, сол сияқты әділет пен келешек қамы үшін күрескен кешегі дүрбелең дәуір автор қаламынан шыққан ізгі шежіредей, бір сөзін аттап кете алмайсыз. Кітаптың бағамды бай тілі, тартымды өткір желісі, алуан өткелдер, тағдыр тағылымы сізді алысқа жетелей береді, жетелей береді. Жоғары мақсат-мүдделердің даңғылымен құшақ жайып қауышасыз.
Бағасы: 4000 теңге
Әріптер қалашығы
Бұл кітаптың сюжеті әлемнің бірнеше елдерінде бұрыннан бар.Тіпті кітап болып та басылған. Бірақ біз кітаптың мазмұнын қазақы танымда көркемдеп, суреттерін жаңаша кескіндеп, қайта жаңғыртып отырмыз.Бұл кітап әріпті енді үйреніп жүрген балақайларға арналған. Нәзір есімді бүлдіршін «Әріптер қалашығына» сапар шегіп, әліппедегі 42 әріппен танысады.Әріптер адамша сөйлеп, өз ерекшелігін айтып, баламен жақын дос болады. Сол арқылы бала әріптердің басын құрап, ежелеп оқуды үйренеді.Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.Корапта: ертегі, жаттығу дәптері және көркем жазу дәптері бар.
Бағасы: 4000 теңге
Әріптер қалашығы
Бұл кітаптың сюжеті әлемнің бірнеше елдерінде бұрыннан бар.Тіпті кітап болып та басылған. Бірақ біз кітаптың мазмұнын қазақы танымда көркемдеп, суреттерін жаңаша кескіндеп, қайта жаңғыртып отырмыз.Бұл кітап әріпті енді үйреніп жүрген балақайларға арналған. Нәзір есімді бүлдіршін «Әріптер қалашығына» сапар шегіп, әліппедегі 42 әріппен танысады.Әріптер адамша сөйлеп, өз ерекшелігін айтып, баламен жақын дос болады. Сол арқылы бала әріптердің басын құрап, ежелеп оқуды үйренеді.Кітап ата-анаға, балаларға, мұғалімдерге педагогикалық материал ретінде ұсынылады.Корапта: ертегі, жаттығу дәптері және көркем жазу дәптері бар.