Отбасы хрестоматиясы

ҚИССА

Қазақ дүниетанымының қалыптасуына тікелей ықпал еткен ортағасырлық жанр. Қисса айту дәстүрі Алтын Орда дәуірінде қарқынды дамып, түркі-ислам өркениетінің негізгін қалыптастырған. Академик Радлов «бір қиссаның құдіреті жүз молданың уағызынан артық» деп баға берді. Алайда, большевиктер орнатқан совет өкмет бұл дәстүрді жойып, кітаптарды тәркілеп, өртеді. Жыршылар мен қиссашыларды 70 жыл бойы қудалады.
«Отбасы хрестоматиясы» қоры осы жанрды қолға алу арқылы ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуды қолға алды. «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр Шәріп», «Яссауи феномені», «Мың сұрақ», «Ecosophy немесе киелі табиғат» атты 6 кітапты жарыққа шығарды. Кітаптар қисса негізінде баяндалған. Otbasyhrestomatiasy хэштегімен әлеуметтік желілер арқылы да аудио-видео қиссаларды насихаттап келеді.

ЭКОСОФИЯ

1973 жылы Еуропада айналымға енген ғылым саласы. Эко-логиялық проблемаларды шешудің ежелден қалыптасқан дәстүрлі амалын ұсынады. Табиғаттың, аң-құс, жәндіктердің киесі мен қасиетін насихаттай-тын аңыз-қиссаларды қайта тірілтеді. Қоршаған ортаның кие-құтын арттыру арқылы экологиялық этикетті қалыптастырады. Бұл практика әлемнің бірнеше елдерінде қолданылып, жемісті нәтижесін беріп келеді. «Отбасы хрестоматиясы» қоры Қазақстандағы экологиялық этикетті сақтау үшін әлемдік осы тәжірибені ұсынады.

«САКРАЛДЫ ҚАЗАҚСТАН»

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі идеясымен үндеседі.
Қазақ топырағының, қалалар мен елді мекендер, өзен-сулар, тау-тастардың сакралды сипатын анықтауды ғылыми негіздейді. «Сакралды география» термині әлемдік ғылымда өте таныс ұғым. Әрі әлемнің бірнеше елдерінде оң нәтиже берген. Туризмді дамытуды ілгерілеткен. «Отбасы хрестоматиясы» қоры осы жоба арқылы «Сакралды Қазақстан» картасын жасауды көздейді.

ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ

Қор 1920-1940 жылдар аралығындағы қазақ тіліне аударылып, сол кездегі латын және төте қарпімен жарық көрген шетел әдебиетін бүгінгі оқырманға жеткізумен айналысуда. Бұл шығармалар қазіргі кирил хәрпіне ауыстырылып, оған емле және тілдік редакция жасалды. Түрлі-түсті суреттермен көркемдеп қайта жарыққа шығарылды. Жүзден аса кітаптардың тізімі жасалып, біразы қайта басылды. Бүгінгі күнге дейін Уида «Нелло мен патраш», Ромен Роллан «Жан Кристоф», Э.Распе «Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаялары», Ж.Свифт «Гулливер лилипуттер елінде», Жәк Лондон «Қасқыр.Киш туралы аңыз», И.С.Тургенев «Бөдене.Бирүк.Шалғын», Д.Мамин-Сибиряк «Асыранды аққу», «Ағайынды Гриммдердің ертегілері», Э.Сетон-Томпсон «Жырық құлақ» кітаптары жарық көрді.

ЛОГОТЕРАПИЯ ЖӘНЕ ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ

Суицидке, редукционизмге қарсы күрескен психолог ғалым Виктор Франкл негізін қалаған ғылымды Қазақстанға тарату жұмыстары. «Отбасы хрестоматиясы» қоры 2016 жылы «Логотерапия немесе өмірге ғашық болу» деген атпен Франклдің кітабын алғаш рет қазақ тіліне аударды. Сол арқылы ХХІ ғасырда адамзат оқуға мұқтаж болатын 10 кітаптың бірін қазақ қоғамына таныстырды.

«ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ БОЛУ»

Бұл жоба – түрлі тақырыптағы лекциялардан тұрады. Бұл лозунг бойынша 2013 жылдан бастап Алматы, Астана, Атырау, Маңғыстау, ОҚО, Қызылорда, БҚО, ШҚО, Ақтөбе облыстарында лекциялар өтіп келеді. «Өмірге ғашық болу» деген кітап жарық көрді. «Өмірге ғашық болу» деген тақырыпта 8 видеоролик жасалып, әлеуметтік желілерде кең тарады.

«БІЛГІМ КЕЛЕДІ» ЖАСТАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ КЛУБЫ

Дәстүрлі рухани құндылықтарды, логотерапия ғылымының негіздерін, экософия ғылымын, «Сакралды Қазақстан» және «Өмірге ғашық болу» жобаларын жастар арасында  кеңінен  насихаттау.