“Eurasian Book Fair-2022” халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі

Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының  Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және  III дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет және әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету;

— халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;

— рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығының дамуын нығайту;

— оқырмандардың сұранысы негізінде өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін шығару және тарату бойынша келешектегі мақсат-міндеттерді айқындау;

— әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың қазіргі заманғы кітап өнімдерінің алуан түрлерін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;

— баспа, автор, кітапхана, кітап сатушы ұйымдар мен полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту;

— әлемдік баспа индустриясының тәжірибесін зерттеу және кітап баспагерлері, кітап таратушылар, полиграфиялық материалдар мен жабдықтарды жеткізушілер арасында байланыс орнату


Похожие записи

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии