Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
31 мамыр Түркістан Оқушылар сарайы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа» атты балалар әдебиеті фестивалі өтті.⠀⠀⠀Фестиваль барысында балалар мен жастар «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабының жауапты редакторы Назгүл Қожабек, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының атқарушы директоры Бағдат Құдияр және балалар жазушысы, ғалым Зира Наурызбаевамен кездесіп, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына…
Астана қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында заңгер, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның «Алаш заңгерлері» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта ХХ ғасырдың басындағы қазақ заңгерлері жайында мағлұмат берілген. Олардың қысқаша өмірбаяны, қоғамда атқарған істері мен елдегі заң саласының дамуына қосқан үлестері баяндалған. Жиында Абзал Құспан «Алаш заңгерлері» дегенде былайша түсінік береді: «Бұл Алашордаға, Алаш арыстарына ғана…
7 шілде Тараз қаласы «ANTIKOR» орталығында Отбасы хрестоматиясы ұжымымен «Өркениетті адам» тақырыбында кездесу өтті. Тараз халқына Отбасы хрестоматиясы жобасы таныстырылды.
Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі-өнер театрында өтті. 700 адамға арналған зал лық толып, келген кісілер сыймай, орын жетпегендері есіктен сығалады дейді көргендер. Мерейтойдың тізгінін тележурналист Берік Есенбай ұстады. Халық түгел жайғасқан соң экранда бейнеролик қойылды. Бейнероликте Отбасы хрестоматиясы ұжымының осыған дейін атқарған жұмыстары мен жасаған жобалары көрсетілді. Бейнебаянды көріп, көзіне еріксіз…
Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:…
2016 жылдан бастап, Түркия елінде тұрақты түрде “Istanbul Publishing fellowship” баспасөз, баспа мен баспагерлердің серіктестік форумы және кездесу алаңы өтеді. Биыл сегізінші рет өткен серіктестік алаңға 72 мемлекет қатысуға ниет білідіріп оның 66-сы қатысты. Қазақстан мемлекеті тарапынан “Отбасы хрестоматиясы” баспасы қатысып қайтты. Форум маусымның 6-8 аралығында өтті. “8th Istanbul Publishing fellowship” аталатын жыл сайынғы серіктестік…