Похожие записи
Атырау қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсаукесері өтті
Атырау қаласында 7-11 шілде аралығында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсауы кесілді. Аталмыш шараға Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген және Айбек Нәби іспетті кітап авторлары қатысты. Шара барысында осы кітаптар жөнінде лекция оқылып, оқырмандармен ашық сұхбат болды. Сондай-ақ Атырау қаласында Отбасы хрестоматиясы кітаптарының кітап-жәрмеңкесі болып өтті. Оқырмандар кітаптарды жеңілдікпен һәм кітап авторларының қолтаңбасымен алды.
Диуани хикмет кітабы жарыққа шықты
Осыдан бір ғасыр бұрын, 1925 жылы Орта Азия елдеріне С.Токарев, С.Демидов, В.Басилов есімді үш ғалым экспедияцияға шығады. Мақсаты түркі халықтарының ынтымағын ыдыратып, киелі ұғымдарын қирату еді. Сол үшін Мәскеуде “Жауыққан атеизм” (Воинствующий атеизм ) деген ұйым құрылады. Содан әлгі үш зерттеуші ауыл-ауылды аралап, сай-саланы жағалап зерттейді. Сөйтсе, бүкіл түркі халқының басын біріктіріп тұрған — Яссауи…
Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алатау дәстүрлі-өнер театрында өтті
Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі-өнер театрында өтті. 700 адамға арналған зал лық толып, келген кісілер сыймай, орын жетпегендері есіктен сығалады дейді көргендер. Мерейтойдың тізгінін тележурналист Берік Есенбай ұстады. Халық түгел жайғасқан соң экранда бейнеролик қойылды. Бейнероликте Отбасы хрестоматиясы ұжымының осыған дейін атқарған жұмыстары мен жасаған жобалары көрсетілді. Бейнебаянды көріп, көзіне еріксіз…
Антикор орталығында кездесу өтті
7 шілде Тараз қаласы «ANTIKOR» орталығында Отбасы хрестоматиясы ұжымымен «Өркениетті адам» тақырыбында кездесу өтті. Тараз халқына Отбасы хрестоматиясы жобасы таныстырылды.
Шымкент қаласында «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті
23 шілде күні Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өнімі, қазыналы кітап «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті. Жастардың әлеуметтік және жеке дамуы мен жастар ұйымының қызметін қолдауға бағытталған ресурстық орталық бұл күні кітапсүйер талай жастың басын қосып, жаңа серпін, тың серпіліс бергені анық. Шіліңгір шілденің 45° ыстығы да ықыласты оқырманмен жылы жүздесуге…