Қызылорда қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері өтті

Шілде айының 25-ші жұлдызында Қызылорда қаласындағы Әбділдә Тәжібаев атындағы ғылыми кітапханада «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өтті.

Оқырмандармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасу мақсатында Абзал Құспан, Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Бағдат Құдияр, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы сынды кітап авторлары арнайы келді. Шара барысында қиссалардың шығу тарихы, маңызы мен мәні, берер тәлімі мен тәрбиесі халыққа баян етілді

Рабғузидің қиссаларынан тұңғыш рет кандидаттық диссертация қорғаған ғалым – Алма Қыраубаева екені тілге тиек етіліп, Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қоры негізінде жарыққа шыққан «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабы халыққа кеңінен таныстырлды. Жиылған оқырман қауым арасында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсауы кесілді.

Кітап фольклорлық шығарма ретінде әдебиетшілерге, ізденушілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға ұсынылады.

Похожие записи

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии