Сейілбек Мырзабай

Автор

Мырзабай Сейілбек Саттарұлы – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жаскешу ауылының тумасы.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің тарих факультетін тәмамдаған (2004-2008). Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік ғылымдар магистрі (2009-2011). Тұран университетінің психологы (2017-2019) болды.

Еңбек жолын 2010 жылы Түркістан қаласы “Дарын” колледжінде мұғалім болып бастады.

2014-2016 жылдары “Азат Еуропа/Азаттық Радиосы” халықаралық медиа компаниясының Қазақ қызметінің вебсайтының журналистеріне ағылшын тілінен сабақ берді.

2017 жылдан бастап “Отбасы Хрестоматиясы” қоғамдық қорының жұмысына кірісті.

“Рухани жаңғыру” аясында елордада және еліміздің өңірлерінде мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға, оқушыларға, студенттерге лекциялар оқыды.

2013 жылы “OtukenEnglish” жеке оқу орталығын ашып, балаларға ағылшын тілін үйретіп, жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттап жүр.

2021 жылы “Балалықтан даналыққа” кітабының авторы.