Санжар Керімбай

Жоба жетекшісі

Санжар Керімбай –  Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының тумасы.

1992-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қытай тарихы бөлімін тәмамдады. 1992-1996 жылы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қытай тарихы бөлімінің магистратурасын бітірді.

2002-2006 жылдары ҚАЗАҚСТАН телерадио корпорациясында «Алтын сақа» және «Керек кәсіп» бағдарламасын жүргізді. Қазақ радиосында «Дін және Біз» бағдарламасын жүргізді.

2012 жылы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі болды.

2013 жылы «Әлдиден эпосқа дейін», 2014 жылы «Салт-дәстүр сөйлейді», 2015 жылы «Сияр Шәріп», 2016 жылы «Логотерапия және өмірге құштарлық», 2017 жылы «Яссауи феномені», 2018 жылы «Махаббаттың мәні», 2019 жылы «Мың сұрақ», «Экософия және киелі табиғат», 2021 «Сыр сөз» және «Диуани хикмет», 2022 жылы «Қисса сүл-әнбия» кітаптарын құрастырып шығарды.

2018 жылы «Өмірге ғашық болу», «Өркениетті адам», 2021 жылы «Бейсен және Болмыс» атты жеке кітаптары жарық көрді.