Сәкен Нұрқабекұлы
Автор
Сәкен Көкенов Нұрқабекұлы – Алматы облысы, Түрген ауылының тумасы. Қазақ Ұлттық Университетінің Филология факультетін тәмамдаған (2003-2007). Осы факультет бойынша Аударма магистрі (2007-2009).
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР ІІМ қарасты «Сақшы» газетінен бастады. 2007 жылы Қазақ Радиосы қабырғасында журналист болып, «Шетел баспасөзіне шолу», «Біз қаншамыз» және тағы басқа сараптамалық бағдарламаларды жүргізді. 2008-2013 жж. арасында «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси газетінде саяси шолушы болды. Қоғамдық мәселелерге қатысты түрлі тақырыптарда мақалалар жариялады. 2013 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларында қызмет етті.
2018 жылдан бастап Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының жұмысына кірісті. Отбасы Хрестоматиясы сериясымен шыққан «Махаббаттың мәні», «Мың Сұрақ», «Экософия немесе киелі табиғат» кітаптарын жазуға және құрастыруға атсалысты. В.Франклдың «Өмірден мән іздеген жан» кітабын қазақ тіліне аударды. Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан ондаған кітапқа редакторлық жасады.