
Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
Шымкент қаласының әкімдігі, “Әл-Фараби” атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы және “Серпіліс” қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен өткен “ПарақTIMES” кітап-жәрмеңкесінде интеллектуалдық білімі және адамзат баласының рухани азығына айналған кітапқа жанашырлық танытып қоғамға қосқан үлесі үшін Отбасы хрестоматиясы ұжымы марапатталды.
Отбасы хрестоматиясы ұжымы VII “KITAP FEST 2021” кітап фестиваліне қатысқаны және еліміздің кітап мәдениеті дамуына үлес қосқаны үшін марапатталды. Кітап фестивалге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевта қатысты. Оқырман қауымға Отбасы хрестоматиясының кітаптары таныстырылып, кітап авторлары лекция оқыды.