Әділбек Нәби

Автор

Айбек Нәби – 1985 жылы 19 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген.

2007 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология факультетін тәмамдаған.

2012 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде Дінтану факультетінің магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасынан бастады. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Ақпарат және Байланыс министрлігінде қызмет атқарған.

2010 жылы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайында ғылыми қызметкер болды.

2012 жылы «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен кітаптар шығарып бастады. 2013 жылы «Әлдиден эпосқа дейін», 2014 жылы «Салт-дәстүр сөйлейді», 2015 жылы «Сияр Шәріп», 2016 жылы «Логотерапия және өмірге құштарлық», 2017 жылы «Яссауи феномені», 2018 жылы «Махабаттың мәні», 2019 жылы «Экософия немесе киелі табиғат», «Мың сұрақ» кітаптарын құрастырып шығарды.  2020 жылдан бастап «Шетел әдебиеті» сериясымен жиырмаға жуық кітап әзірледі. 2021 жылы «Бейсен және Болмыс», 2022 жылы «Қисса сүл-әнбия» кітаптарын құрастырды.