Қызылорда қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері өтті

Қызылорда қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері өтті

Шілде айының 25-ші жұлдызында Қызылорда қаласындағы Әбділдә Тәжібаев атындағы ғылыми кітапханада «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Оқырмандармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасу мақсатында Абзал Құспан, Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Бағдат Құдияр, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы сынды кітап авторлары арнайы келді. Шара барысында қиссалардың шығу тарихы, маңызы мен мәні, берер тәлімі мен тәрбиесі…

Түркістан қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсауы кесілді

Түркістан қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсауы кесілді

Шілде айының 24-ші жұлдызында Түркістан қаласындағы заманауи үлгідегі “FARAB” әмбебап ғылыми кітапханасында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Кітапхана аумағында әдемі әуен шырқалып, шашу шашылып, домбырамен күй шертіліп, ән де орындалды. Оқырмандармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасу мақсатында Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Бағдат Құдияр, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы сынды кітап авторлары қошеметпен, көрермендердің ыстық…

Шымкент қаласында «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті

Шымкент қаласында «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті

23 шілде күні Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өнімі, қазыналы кітап «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті. Жастардың әлеуметтік және жеке дамуы мен жастар ұйымының қызметін қолдауға бағытталған ресурстық орталық бұл күні кітапсүйер талай жастың басын қосып, жаңа серпін, тың серпіліс бергені анық. Шіліңгір шілденің 45° ыстығы да ықыласты оқырманмен жылы жүздесуге…

“Eurasian Book Fair-2022” халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі

“Eurasian Book Fair-2022” халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі

Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының  Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және  III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:…

Алматы қаласы, VII “KITAP FEST 2021” кітап фестивалі

Алматы қаласы, VII “KITAP FEST 2021” кітап фестивалі

Отбасы хрестоматиясы ұжымы VII “KITAP FEST 2021” кітап фестиваліне  қатысқаны және еліміздің кітап мәдениеті дамуына үлес қосқаны үшін марапатталды. Кітап фестивалге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевта қатысты. Оқырман қауымға Отбасы хрестоматиясының кітаптары таныстырылып, кітап авторлары лекция оқыды.

Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған “ПарақTimes” кітап-жәрмеңкесінде Отбасы хрестоматиясы ұжымы марапатталды

Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған “ПарақTimes” кітап-жәрмеңкесінде Отбасы хрестоматиясы ұжымы марапатталды

Шымкент қаласының әкімдігі,  “Әл-Фараби” атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы және “Серпіліс” қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен өткен “ПарақTIMES” кітап-жәрмеңкесінде интеллектуалдық білімі және  адамзат баласының рухани азығына айналған кітапқа жанашырлық танытып қоғамға қосқан үлесі үшін Отбасы хрестоматиясы ұжымы марапатталды.

Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының  тұсаукесері өтті

Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері өтті

12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.

Атырау қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС  кітаптарының тұсаукесері өтті

Атырау қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсаукесері өтті

Атырау қаласында 7-11 шілде аралығында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсауы кесілді. Аталмыш шараға Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген және Айбек Нәби іспетті кітап авторлары қатысты. Шара барысында осы кітаптар жөнінде лекция оқылып, оқырмандармен ашық сұхбат болды. Сондай-ақ Атырау қаласында Отбасы хрестоматиясы кітаптарының кітап-жәрмеңкесі болып өтті. Оқырмандар кітаптарды жеңілдікпен һәм кітап авторларының қолтаңбасымен алды.