Атырау қаласында 7-11 шілде аралығында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсауы кесілді. Аталмыш шараға Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген және Айбек Нәби іспетті кітап авторлары қатысты. Шара барысында осы кітаптар жөнінде лекция оқылып, оқырмандармен ашық сұхбат болды. Сондай-ақ Атырау қаласында Отбасы хрестоматиясы кітаптарының кітап-жәрмеңкесі болып өтті. Оқырмандар кітаптарды жеңілдікпен һәм кітап авторларының қолтаңбасымен алды.
7 шілде Тараз қаласы «ANTIKOR» орталығында Отбасы хрестоматиясы ұжымымен «Өркениетті адам» тақырыбында кездесу өтті. Тараз халқына Отбасы хрестоматиясы жобасы таныстырылды.
Шымкент қаласының әкімдігі, “Әл-Фараби” атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы және “Серпіліс” қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен өткен “ПарақTIMES” кітап-жәрмеңкесінде интеллектуалдық білімі және адамзат баласының рухани азығына айналған кітапқа жанашырлық танытып қоғамға қосқан үлесі үшін Отбасы хрестоматиясы ұжымы марапатталды.
Отбасы хрестоматиясы ұжымы VII “KITAP FEST 2021” кітап фестиваліне қатысқаны және еліміздің кітап мәдениеті дамуына үлес қосқаны үшін марапатталды. Кітап фестивалге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевта қатысты. Оқырман қауымға Отбасы хрестоматиясының кітаптары таныстырылып, кітап авторлары лекция оқыды.
XXI ғасыр отбасы институты мен білім беру саласының білім беру саласының сыналатын һәм шыңдалатын тұсы екен. Мұны «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторларын жиі лекцияға шақыратын білім ордаларынан байқадық. Жақында ғана жоба авторы Санжар Керімбай Алматы қаласының жеке меншік «Зердеш» атты мектебінде лекция оқып қайтты. Ұстаздар баллдық жүйеден шаршағанын, балаға құндылық құюға негіз іздеп отырғанын айтты. Жобамыздың…
Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:…