Арман Ғинаятұлы

Суретші, дизайнер

Дауылбай Арман Ғинаятұлы – 1982 жылы 16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылында дүниеге келген.

2000-2004 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің “Сурет және сызу” мамандығында тәмәмдаған.

2004 жылы М.Өтемісұлы ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Сурет және сызу пәнінің мұғалімі.

2013-2017 Батыс Қазақстан облысында медиамаркетинг саласында жұмыс жасаған. Дизайнер, бас дизайнер, арт директор қызметтерін атқарған.

2017 жылы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорына келіп, «Экософия және киелі табиғат»,  «Бейсен және Болмыс», «Балалықтан даналыққа», «Сыр сөз», «Диуани хикмет», «Қисса сүл-әнбия» кітаптарына және «Шетел әдебиеті» сериясымен шыққан жиырмадан астам кітаптарының дизайнын жасап шықты.

Қазіргі таңда қорда өз жұмысын жалғастырып жатыр.