Алматыда “Отбасындағы 30 сабақ” кітабының таныстырылымы өтті

Баспамыздан ата-ана мен баланың арасына құндылықтың алтын қақпасын тұрғызар жаңа кітап шықты.  Көп ата-ана бізге хабарласқанда: «Балама не айтып берсем болады? Дастарқан басында қандай әңгіме айтамын?» деп сұрайды. Баяғы ата-әжелер дәуірі келмеске кетті. Қайта әкеле алмайсың. Бірақ олардың көзі жоғалғанымен хатталып сөзі сақталды. Соларды қағазға теріп, кітап етіп құрастырып, ұсындық

Кітап “Отбасындағы 30 сабақ” деп аталады. Мақсатымыз – отбасы мүшелері дастарқан басында отырғанда ортақ әңгіме айтуына септігімізді тигізу.

Кітап ата-анамен баланың бірге жұмыс істеуіне арналған. Ата-ана үшін сары құрал кітап болса, бала үшін көк жұмыс дәптері бар. Оқу құралы және жұмыс дәптері ата-ана мен баланың құндылыұты бірге игеруіне бағыт-бағдар береді.

Атаулы кітаптың Алматыда таныстырылымы өтті. 7-қаңтар күні өткен презентацияға еліміздің түкпір-түкпірінен оқырмандар келді. Таныстырылымда Санжар Керімбай, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы, Бағдат Құдияр, Әйгерім Аюбек, Арман Ғинаятұлы секілді кітап авторлары мен құрастырушылары оқырмандар сұрағына жауап беріп, кітаптың жазылуынан сыр шертті. Жалпы саны 200 жуық адам жиналған презентацияда кітап таныстырылып қалың оқырманға жол тартты.

Похожие записи

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии