|

Алматы қаласы жастар саясатының қолдауымен жастар арасында QUIZ өтті

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті.

QUIZ – жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіретін, уақытын тиімді өткізетін интеллектуалды ойын.

Бұл шараға сексеннен аса жас қатысты. Іс-шараны ресми түрде Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Динара Наумова мен Respublica партиясының орталық аппарат басшының орынбасары Игорь Игоревич Копайлов ашып берді.

Қатысушылар өлең тармақтары арқылы топқа бөлінді. Мысалы ұлы ақын Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», Ыбырайдың «Өнер-білім бар жұрттар», Шәкәрімнің «Адамдық борышың, Халқыңа еңбек қыл» деген сынды шашылып жатқан өлең жолдарын жинайды. Бір шумақ өлең құраса, сол өлеңнің авторы белгіленген топқа барып отырады. Осы әдіспен қатысушылар «Абай», «Шәкәрім», «Ыбырай», «Мағжан», «Мұқағали», «Махамбет» деп алты топқа бөлінді.

Ойын 4 кезеңнен тұрды:

  • Кіріспе;
  • Ұқсастықты тап;
  • Күрделі;
  • Тұлғатану.

Бір қызығы, қатысушы жастарды қызықтыра алғаны жүздерінен байқалды. Сұрақтар әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінен ғана емес, түрлі саладан қойылды. Ойын барысында актер дауыстары мен күйлер де жасырылды. Ойынды жас мәдениеттанушы Жанар Таңсық жүргізді.

Дәстүрлі әнші Лаура Қынтаева, музыкант, аккордеонист Асхат Байболат, гитарист Самараддин Жүрсінбайұлының сүйемелдеуімен ән шашу сыйлады. Жиналғандар қосыла шырқап, көңілдері көтеріліп қалды.

Ойын соңында жеңімпаз үш топ анықталып, сыйлықтар үлестірілді. Іс-шараның мақсаты сол: жастарды кітап оқуға шақыру. Сондықтан сыйлықтар – «Мазмұндама», «Steppe&World», «Amalbooks» сияқты заманауи баспалардың ең қызықты деген таңдаулы кітаптарынан тұрды.

Марапаттау сәтінде тек орындар ғана емес, «Ұйымшыл оқырман», «Тапқыр оқырман», «Жылдам оқырман» секілді номинациялар да берілді.

Іс-шара екі сағатқа созылды. Соның өзінде қаланың әр түкпірінен жиналған жастар жаңа танысқандарына қарамастан, бір-бірімен қимай қоштасты. Айтуларынша, мұндай іс-шараға бірінші рет қатысулары екен. Жастар алдағы уақытта тағы да өткізуді өтінді. Әлеуметтік желіден тамашалап отырған басқа өңірдегі жастар да қызыға қарап, келесі жолы міндетті түрде қатысуға бел буыпты.

Жиналғандар ойын соңынан арнайы дайындалған фуршеттен дәм ауыз тиіп, ойын барысындағы түрлі қызықтармен бөлісті.

Айтпақшы, осы ойынға арнап түрлі мемдер де жасапты. Әсіресе қазір жастар арасында жиі қолданылатын қызықты сөздер мен афоризмдер көбірек. Шара соңынан сол тақтайшалармен естелікке суретке түсті.

Похожие записи

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии