Абзал Құспан

Жоба авторы

Абзал Темірғалиұлы Құспан Батыс Қазақстан облысы, Жанғала ауданында туған. Қазақ заңгері, қоғам қайраткері.

*1995 жылы дарынды балаларға арналған Орал лицей-интернатын бітірген. 

*2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген.

*2000-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында қызмет атқарған.

*2006-2009 жылдары азаматтық және экономикалық істер бойынша жеке тәжірибеде адвокат болып жұмыс істеді.

*2009 жылы Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасына мүше болып, осы күнге дейін адвокаттық қызметпен айналысады.

Прокуратурадан кеткеннен кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады, атап айтқанда, пікірлестері Лұқпан Ахмедьяров пен Исатай Өтеповпен бірге «Абырой» қоғамдық бірлестігін құрып, зияндылық туралы алғашқылардың бірі болып дабыл қаққан. 2012 жылы Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорын құрды. Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының жоба авторы.