Похожие записи
Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алатау дәстүрлі-өнер театрында өтті
Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі-өнер театрында өтті. 700 адамға арналған зал лық толып, келген кісілер сыймай, орын жетпегендері есіктен сығалады дейді көргендер. Мерейтойдың тізгінін тележурналист Берік Есенбай ұстады. Халық түгел жайғасқан соң экранда бейнеролик қойылды. Бейнероликте Отбасы хрестоматиясы ұжымының осыған дейін атқарған жұмыстары мен жасаған жобалары көрсетілді. Бейнебаянды көріп, көзіне еріксіз…
Алматы қаласы жастар саясатының қолдауымен жастар арасында QUIZ өтті
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті. QUIZ – жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіретін, уақытын тиімді өткізетін интеллектуалды ойын. Бұл шараға сексеннен аса жас қатысты. Іс-шараны ресми түрде Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Динара Наумова мен Respublica партиясының орталық аппарат басшының орынбасары…
Шымкент қаласында «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті
23 шілде күні Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өнімі, қазыналы кітап «Қисса сүл-әнбияның» тұсаукесері болып өтті. Жастардың әлеуметтік және жеке дамуы мен жастар ұйымының қызметін қолдауға бағытталған ресурстық орталық бұл күні кітапсүйер талай жастың басын қосып, жаңа серпін, тың серпіліс бергені анық. Шіліңгір шілденің 45° ыстығы да ықыласты оқырманмен жылы жүздесуге…
“Eurasian Book Fair-2022” халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі
Сәуір айының 20-24 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық <<Eurasian Book Fair-2022>> халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы: <<ФОЛИАНТ>> баспасы. Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме барысында Отбасы хрестоматиясы басып шығарған <<Ecoshopy>> немесе киелі табиғат>>, <<Балалықтан даналыққа>> кітаптары II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:…
Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері өтті
12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.
Түркістан қаласында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсауы кесілді
Шілде айының 24-ші жұлдызында Түркістан қаласындағы заманауи үлгідегі “FARAB” әмбебап ғылыми кітапханасында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Кітапхана аумағында әдемі әуен шырқалып, шашу шашылып, домбырамен күй шертіліп, ән де орындалды. Оқырмандармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасу мақсатында Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Бағдат Құдияр, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы сынды кітап авторлары қошеметпен, көрермендердің ыстық…