Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
2016 жылдан бастап, Түркия елінде тұрақты түрде “Istanbul Publishing
fellowship” баспасөз, баспа мен баспагерлердің
серіктестік форумы және кездесу алаңы өтеді.
Биыл сегізінші рет өткен серіктестік алаңға 72 мемлекет қатысуға ниет
білідіріп оның 66-сы қатысты. Қазақстан мемлекеті тарапынан
“Отбасы хрестоматиясы” баспасы қатысып
қайтты. Форум
маусымның 6-8 аралығында
өтті.
“8th Istanbul Publishing fellowship” аталатын жыл сайынғы серіктестік алаң
мәдени ынтымақтастықты нығайту және баспа саласының дамуына үлес қосуға
арналады. Сонымен қатар “8th Istanbul Publishing fellowship” баспа саласындағы
ең үлкен әрі ең ауқымда бизнес форум.
Осы жылы Istanbul Publishing
Fellowship-те 66 елден 410 баспагер
қатысты. 2500-ден астам онлайн кездесулер мен B2B кездесулер өтті. 1000-ға жуық
тауарға құқықтар өзара сатылып және келісімшарттар жасалды.
Шараның негізгі ұйымдастырушыларының бірі, «Introtema Copyright and
Translation Agency» негізін қалаушысы Muhammed Ağırakça шара соңында өз жылы лебізін білдірді: «We
thank you very much for not leaving us alone on this journey that we have set
out 8 years ago to make Istanbul a copyright center in the world and we see
that it has become one! Thank you once again for being understanding of all the
shortcomings that may have occurred during the Istanbul Publishing Fellowship,
which we have organized under extraordinary conditions, especially after the
earthquakes in our country.
As Introtema Agency, organizer of the 8th IPF, we gave our best to make
this event as successful and as efficient as possible. We sincerely hope that
the coming year will be equally successful.»
Серіктестік алаңға «Отбасы хрестоматиясы» баспасының негізін қалаушы Санжар
Керімбай, баспа авторы Айбек Нәби және баспаның
атқарушы директоры Бағдат Құдияр қатысты.
Баспамыз Ыстанбұл сапарынан үлкен тәжірибе жинап, өзара серіктестік
келісімшарттарға отырып қайтты. Бірнеше елдің кітабын басуға ниеттеніп, әрі
авторлық құқығын сатып алды. «Отбасы хрестоматиясы» келер жылы да «Istanbul
Publishing fellowship»-қа қатысуға ниетті.
Ұлттық бренд мәртебесіне ие болған «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жыл сайынғы байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Алматы қаласында 2022 жылдың 29-30-31 шілде аралығында отандық өндірушілердің көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар көрмеде өнімін ұсына отырып, көпшілікке танытуға мүмкіндік…
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «QUIZ» интеллектуалды ойыны өтті. QUIZ – жастардың ой-өрісін, білімін жетілдіретін, уақытын тиімді өткізетін интеллектуалды ойын. Бұл шараға сексеннен аса жас қатысты. Іс-шараны ресми түрде Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Динара Наумова мен Respublica партиясының орталық аппарат басшының орынбасары…
31 мамыр Түркістан Оқушылар сарайы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа» атты балалар әдебиеті фестивалі өтті.⠀⠀⠀Фестиваль барысында балалар мен жастар «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабының жауапты редакторы Назгүл Қожабек, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының атқарушы директоры Бағдат Құдияр және балалар жазушысы, ғалым Зира Наурызбаевамен кездесіп, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына…
Отбасы хрестоматиясы ұжымы VII “KITAP FEST 2021” кітап фестиваліне қатысқаны және еліміздің кітап мәдениеті дамуына үлес қосқаны үшін марапатталды. Кітап фестивалге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевта қатысты. Оқырман қауымға Отбасы хрестоматиясының кітаптары таныстырылып, кітап авторлары лекция оқыды.