Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
28-29 мамыр Шымкент қаласы, Арбатта кітап жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорыны ұйымдастырды. Бұл шарада еліміздегі кітап баспалары өз өнімдерін таныстырды. Жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедисы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» баспасы және де қалалық кітапханалар қатысты. Отбасы хрестоматиясының…
Отбасы хрестоматиясының 10 жылдық мерейтойы Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі-өнер театрында өтті. 700 адамға арналған зал лық толып, келген кісілер сыймай, орын жетпегендері есіктен сығалады дейді көргендер. Мерейтойдың тізгінін тележурналист Берік Есенбай ұстады. Халық түгел жайғасқан соң экранда бейнеролик қойылды. Бейнероликте Отбасы хрестоматиясы ұжымының осыған дейін атқарған жұмыстары мен жасаған жобалары көрсетілді. Бейнебаянды көріп, көзіне еріксіз…
12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.
Баспамыздан ата-ана мен баланың арасына құндылықтың алтын қақпасын тұрғызар жаңа кітап шықты. Көп ата-ана бізге хабарласқанда: «Балама не айтып берсем болады? Дастарқан басында қандай әңгіме айтамын?» деп сұрайды. Баяғы ата-әжелер дәуірі келмеске кетті. Қайта әкеле алмайсың. Бірақ олардың көзі жоғалғанымен хатталып сөзі сақталды. Соларды қағазға теріп, кітап етіп құрастырып, ұсындық Кітап “Отбасындағы 30 сабақ” деп…