«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтті

Ұлттық бренд мәртебесіне ие болған «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жыл сайынғы байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту.

Алматы қаласында 2022 жылдың 29-30-31 шілде аралығында отандық өндірушілердің көрме-байқауы өтті. Кәсіпорындар көрмеде өнімін ұсына отырып, көпшілікке танытуға мүмкіндік алады.

Көрмеге 650-ден астам тауар-өндіруші кәсіпорындар қатысуға өтініш білдірді. Соның ішінен 65 тауар өндіруші кәсіпорын үздік атанды. Олар мына санат бойынша қатысты:

– өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар;

– үздік азық-түлік тауарлары;

– халыққа арналған үздік тауарлар.

Аталған шартқа сәйкес үздік тауар қатарына «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры да кірді. Көрмеде осыған дейін шыққан 30-дан аса кітап түгел таныстырылды. Жәрмеңкенің екінші күнінде авторлар арнайы келді. Ағылған халық көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, еркін сұхбат құрды. Көпшіліктің ыстық ықыласын көрген комиссия мүшелері, қордың кітаптарын көптеп шығуына үлес қосуға ниет білдірді.

65 тауар ішінен «Қазақстанның үздік тауары – 2022» номинациясына 9 тауар-өндіруші ие болды.

Похожие записи

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии