Подписаться
авторизуйтесь
0 комментариев
Шілде айының 25-ші жұлдызында Қызылорда қаласындағы Әбділдә Тәжібаев атындағы ғылыми кітапханада «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өтті.
Оқырмандармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасу мақсатында Абзал Құспан, Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Бағдат Құдияр, Айбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы сынды кітап авторлары арнайы келді. Шара барысында қиссалардың шығу тарихы, маңызы мен мәні, берер тәлімі мен тәрбиесі халыққа баян етілді
Рабғузидің қиссаларынан тұңғыш рет кандидаттық диссертация қорғаған ғалым – Алма Қыраубаева екені тілге тиек етіліп, Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қоры негізінде жарыққа шыққан «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабы халыққа кеңінен таныстырлды. Жиылған оқырман қауым арасында «ҚИССА СҮЛ – ӘНБИЯ» кітабының тұсауы кесілді.
Кітап фольклорлық шығарма ретінде әдебиетшілерге, ізденушілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға ұсынылады.
Атырау қаласында 7-11 шілде аралығында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ, БЕЙСЕН және БОЛМЫС кітаптарының тұсауы кесілді. Аталмыш шараға Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген және Айбек Нәби іспетті кітап авторлары қатысты. Шара барысында осы кітаптар жөнінде лекция оқылып, оқырмандармен ашық сұхбат болды. Сондай-ақ Атырау қаласында Отбасы хрестоматиясы кітаптарының кітап-жәрмеңкесі болып өтті. Оқырмандар кітаптарды жеңілдікпен һәм кітап авторларының қолтаңбасымен алды.
28-29 мамыр Шымкент қаласы, Арбатта кітап жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорыны ұйымдастырды. Бұл шарада еліміздегі кітап баспалары өз өнімдерін таныстырды. Жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедисы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» баспасы және де қалалық кітапханалар қатысты. Отбасы хрестоматиясының…
12 шілде, Орал қаласында ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ кітабының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге кітап авторлары Санжар Керімбай және Айбек Нәби қатысты. Насреддин Рабғузи өмірі және Қисса сүл-әнбия кітабының жазылуы туралы лекция оқылды. Жиынға Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары қатысты. Жиын соңында оқырмандар авторлардың қолтаңбасымен кітап алды.